Қордайда 200 электр желілерінің бағаналары ауыстырылатын болады

0 29

Электр желілерін жаңғырту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Қордай ауданында жоғары вольтты желілерінің ескі бағаналарын ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, жаңа трансформаторлар орнату жұмыстары жүруде. Өткен ғасырда орнатылған ағаш бағаналарының 30 пайызы шіріп, сынып, электр тарату желілерінде апаттық жағдай тудыруына байланысты ауыстырылуға жатады.

Жалпы аудан бойынша 5000 астам бағана орнатылған, оның ішінде 60 пайыз ағаш бағаналардың қызмет мерзімі бірнеше жыл бұрын біткен. Бүгін де электрмен қамтудың сенімділігін, тұтынушыларға электр қуатын тарату қызметтерінің сапасын арттыруға, жалпы электр қауіпсіздігіне бағытталған шаралар жүргізілуде. -Қазір біз электр тарату желілерін және бағаналарды жаңаға ауыстырып жатырмыз. Бұл қажетті шара.

Жоспарда электр тарату желілерінің 200 бағанасын ауыстыру, 18 шақырымнан астам жоғары вольтты желілерді жаңарту, 7 трансформатор орнату бар. Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Ол үшін техника да, мамандар да жеткілікті. Жоғары вольтты электр тарату желісін жүргізу, темір-бетон бағана орнату оңай шаруа емес. Жөндеу жұмыстарына кран, автомұнара, арнайы жүк көліктері сынды 7 арнайы техника тартылған. Осының барлығы компанияның бюджеттік қаражаты есебінен жүргізілуде, — дейді Қордай АЭС басшысы Ерлан Жамбасбаев. Жаңа құрал-жабдық аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.