ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуі 26 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 01 сағат 57 минутта болған.
«Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 358 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы — 9.5. MPV магнитудасы – 4.1, бағыты 45.83° с.е 79.54° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Картамен қарағанда, жер сілкінісі тіркелген аймақ Жетісу облысы аумағына кіріп тұр.
Еске сала кетейік, 23 тамыз күні астана уақытымен 17 сағат 12 минутта Алматы маңында жер сілкінген еді.
Бұл – бір тәулік ішіндегі екінші зілзала. Сол күні сағат 16:03-те сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы бір жерасты дүмпуін тіркеді.