Облыс әкімі азаматтардың өтініштері мен мәселелерін тыңдады

0 19

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған Қордай ауданы және Тараз қаласының тұрғындары инвестор тарту, «Тәжік-Ауған» соғысының құрбандарына арнап ескерткіш тақта орнату, «Қызыл-Ай» қоғамының облыстық филиалына көлік бөлу және тағы да басқа мәселелерді көтеріп, көмек сұрады.

Аймақ басшысы барлық азаматтың өтініштерін мұқият тыңдап, мәселелерді заң аясында шешу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.