Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Жуалы аудандық ашық біріншілігі өз мәре­сіне жетті

0 12
Төрт күнге созылған жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай және 25 қазан — Республика күніне арналған бокстан жасөспірімдер арасын­дағы Жуалы аудандық ашық біріншілігі өз мәре­сіне жетті.
Жарыстың өтуіне мұрындық болған Жуалы аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ мен №16 бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі спортшыларға барлық жағдай жасады.
Бұл жарысқа бар­лы­ғы 111 жасөспірім былғары қол­ғап шебері Жуалы рингіне шы­ғып, күш сынасты. Жиырма сал­мақ дәрежелері бойынша айқас­қан боксшылар алдыңғы толқын ағалар көшіне ілесуге деген та­лаптары мен құштарлықтарын ба­рынша көрсетіп қалуға ты­рысты.
Жа­рыстың қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпазбен жүлде­гер­ атанған боксшылар медальдармен дипломдар және бағалы сый­лықтармен марапатталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.