Мойынқұм ауданының әкімі 3 ауылдың тұрғындарымен кездесті

0 23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков Күшаман, Көкжелек, Жамбыл ауылдарына арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуге аудан әкімдігінің тиісті мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында халық ветеринария саласына қатысты, ауыл көшелеріне кешкі жарық орнату, тазалық, жайылымдық жер, егін су бойынша сауал-ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдаған аудан басшысы кейбір сауалдарды сол жерден шешу жолдарын қарастырса, күрделі мәселелер бойынша бөлім, мекеме басшыларынан сұрап, тиісті заңдылықтарға сай шешілетінін жеткізді.
Бір айта кетерлігі, Көкжелек ауылына қазір таза ауыз су кіргізілуде. Келер жылы ауылға кіре берістегі күре жол да толық жөнделетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.