Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде ақтөбелік қыз қаза тапты – ҚР СІМ

0 15

Сеул қаласында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қазақстандық қыз мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итхэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.

Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыстары:

Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;

Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;

Эл. пошта: seoul@mfa.kz;

Мекен-жай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.

Айта кетейік, қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды. Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде үлкен тобыр Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптап өткен.

Осыған дейін Сеулде Хэллоуин мерекесінде қаза болғандар саны 150-ден асқанын жаздық.

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Фото: en.yna.co.kr

Leave A Reply

Your email address will not be published.