Тіл шеберлері анықталды

0 30

Бүгін облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті.

Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген полиглот жастар қатысты.

Үміткерлер «Елтаным» кезеңінде қазақтың ұлы тұлғалары мен қазақ жері және оның аймақтары жөнінде экранда көрсетілген видео туралы үш тілде жауап берсе, «Сөзтаным», кезеңінде билеттік жүйе бойынша қазақ тіліндегі мәтінді орыс және ағылшын тілдеріне аударма жасады. Байқаудың шешуші «Ойтаным» кезеңінде«Ұлт ұстазы – А.Байтұрсынұлы» тақырыбында  эссе жазды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды тараздық А.Мейрамәлі, ІІ орынды Байзақ ауданынан келген Д.Ділтан мен сарысулық А.Мырзахмет, ІІІ орынды тараздық А.Қарымсақова, жуалылық А.Алимбетова және Т.Рысқұлов ауданынан келген Ж.Қозыбағарова иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.