Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2022 жылы Қазақстандық ақын-жазушыларының шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай қазақ поэзиясында өзіндік орны бар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, шығармаларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, әдеби шындықты, рухани-адамгершілік қасиеттерді оқырмандар бойына сіңіру, шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тұлғалы талант» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс шара барысында №21 Дмитрий Похомов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Сейітбекова жазушы Н.Айтұлының «Ғабиден Мұстафин қазасына» өлеңін, №21 Дмитрий Похомов атындағы орта мектебінің оқушылары А.Сатыпалды жазушының өмір баянын, Т.Магомедова шығармаларынан үзінді, А.Алидидар «Толғану» поэмасынан үзінді, Д.Қыдырәлі «Жамбал туралы бірер сөз» өлеңінен, Ж.Сұлтан «Ердің ерен азаматы» арнауын, М.Нарбекқызы «Ғабиден Мұстафинге» арнауын мәнерлеп айтып, Б.Антипованың орындауында «Туған жер» әні тамашаланды. Кешті кітапханашылыр К.Айтбаева мен Ф.Атаберова жүргізді. Кітапхана әдіскері Ф.Атаберова «Бүкіл әлем бір кітапта» кітап көмесіне ақпараттық шолу жасап, «Мұстафин-120», «Кітапхана» инстоляциясын таныстырды. Кітапханашы К.Айтбаева «Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер» әдістемелік — библиографиялық құрал, «Дәуірлі дәуір жыршысы-Ғабиден Мұстафин» библиографиялық көрсеткіш, «Халықтың ұлы ақыны» ақпараттық — жарнамалық флайер, ауызша журналды таныстырып өтті. Кітапхананың тұрақты оқырманы ауыл зейнеткері Назира Сартаева өзі оқыған жазушы Ғабиден Мұстафиннің кітабы туралы айтып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.