Жуалы ауданында Республика күні қарсаңында үш құрылыс нысаны пайдалануға берілді

0 79

Республика күні қарсаңында Рысбек батыр ауылында халықтың көптен күткен қуанышы табиғи газ пайлануға берілсе, Қоңыртөбе ауылында ауызсу жүйесі іске қосылды. Сонымен бірге Шыңбұлақ ауылында “Асарлатып үй салу” жобасы аясында бір отбасының үйі кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты жағдайда лентасы қиылды.

Аталған ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Жалғас Мұртаза арнайы барды.

Жалпы, Жуалы ауданында  49 елдімекен болса, соның бесеуіне былғы жылы газ кіргізу жоспарланып отыр. Олар — Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты, Қаратас, Қошқарата ауылдары.
Қалған Билікөл ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге келесі екі жылдың  ішінде кіргізіледі деп жоспарланған. Сонда ауданымызда барлық елді мекен газбен қамтылады.

Келесі қуаныш Қоңыртөбе ауылында болды. Салтанатты шараны ауыл ақсақалы Асқар Сағындықов ашып, халық қамын ойлаған, әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар үшін Үкіметке және облыс, аудан басшыларына халықтың атынан ризашылығын білдірді.

Ал, Шыңбұлақ ауылы тұрғындарының қолдауымен, демеушілігімен осы ауылдың тұрғынының бау-бақшасына 1000 түптей алма ағашы отырғызылған болатын. Енді биылғы жылы үйіне екі бөлме қосып, толық күрделі жөндеуден өткізіп берді. Үйдің құрылыс жұмыстарына Жетітөбе ауылдық округінің тұрғындары, шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер барлығы 4,5 млн теңге жинаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.