Жамбылдың тауарлары бірнеше мемлекетке экспортталуда

0 19
Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының қарауына биыл 173 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қорғау желісіне қатысты 41 өтініш, экономикалық сипаттағы 132 өтініш бар. Жергілікті отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан бүгінгі күнге дейін жергілікті өндірушілердің тауарларына 159 СТ-КЗ сертификаты, 3 индустриялық сертификат және экспортталатын тауарларға 3 927 шығу сертификаты берілді. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөнінде орынбасары Абдыкадыров Айдар Қайнарұлы айтты.
Сонымен қатар, ол инвестициялар тарту шеңберінде басқа республикалардың делегацияларымен тығыз, өзара іс-қимыл орнату бойынша іскерлік кездесулер өткенін атап өтті.
«Нақтылай айтқанда, Иран Ислам Республикасының Бас консулымен, Литва Республикасының елшісімен, Өзбекстан Республикасы делегциясымен, Тәжікстан Республикасының елшілігмен және Түркиядан, Франция кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, жоғарыда аталған республикаларға «Қазфосфат», «Әулие ата Феникс», «Талас Investment Company», «Тараз металлургия зауыты», «Бурненская молочная компания» ЖШС сияқты жергілікті өндірістік компаниялары тауарлары экспортталуда», — деді спикер.
Айдар Қайнарұлы Кәсіпкерлер палатасы жанында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ашылғанын жеткізді. Бүгінгі күнге дейін 424 әйелге 1 432 қызмет түрі көрсетілген.
Leave A Reply

Your email address will not be published.