Жамбыл облысында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында мобильді топ құрылды

0 18
Ел Президентінің отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында Мемлекет басшысы бизнес-қоғамдастықты толғандыратын мәселелерді талқылау үшін кездесулер өткізу жақсы дәстүрге айналатынын атап өтті. Ол сондай-ақ 2019 жылы өзінің Жолдауында бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүдделеріне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қарастырылуы керек деп айтты. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев еске салды. Ол Президенттің мемлекеттік органдардың жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу туралы мәлімдегенін де жеткізді.
«Бұл тергеу органдарының бизнесті қылмыстық қудалау орбитасына және кәсіпкерлерді күдікті ретінде тану фактілеріне қатысты, ал іс жүзінде бұл тек мүліктік даулар болып табылады. Мемлекет басшысы Үкіметке бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. «Бизнесті қорғау» экожүйесі бойынша ел Президентінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысы прокуроры мен палата директорының 2022 жылғы 26 шілдедегі бірлескен өкімімен облыс прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы өкілдерінен, адвокаттар алқаларынан, Палатаның Өңірлік кеңесі мүшелерінен, кеңес мүшелерінен арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап, палата мен палата өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын бақылайды», — деді спикер.
Брифингте баяндамашы өңір прокурорының өкімімен бизнесті қорғау, рейдерлік басып алу мәселелері бойынша мобильді топ және ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Жамбыл көлік прокуратурасы мен палата арасында мобильді топ пен алаң жасақталған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.