Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №58 мекемесінде дін өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Алматы қаласының Діни оңалту бөлімінің РАНТ мүшесі Ілімбаев Ризабек Батталұлы арнайы келді. Ол түзеу мекемесінің теологтарымен бірлесе «Аллаға серік қоспау» тақырыбында топтық жұмыстар бойынша сотталғандарға діни тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. Жалпы алғанда түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін, діни әдебиеттер мен осындай кездесулердің маңызы жоғары. Сондықтан мұндай іс-шаралар тұрақты түрде жиі ұйымдастырылып тұрады.