Қазақстан өңірлерінен Түркияға 115 тонна гуманитарлық көмек пен 35 млн теңге қаржы жиналды

0 26

Еліміздің барлық өңірінде Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек ұйымдастырылып жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, белсенді азаматтар, волонтерлер көмек есебін жүргізеді, барлық жиналған заттарды сұрыптайды, орайды.

Жиналған материалдар автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі.

«13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 115 тонна гуманитарлық көмек жиналды (Алматы қаласы –  4 тонна, Алматы облысы — 68 тонна, Түркістан облысы – 25 тонна, Шымкент – 50 тонна, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3 тонна), оның 75 тоннасы (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Түркияға жіберілді, сондай-ақ 32 млн теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылды», –  деп жазды министрлік.

Бұған қоса, қазақстандықтар 114 ұлттық киіз үй жөнелтті. Жалпы алғанда, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғам қайраткерлері, журналистер мен белсенді азаматтар өз үлестерін қосып жатыр.

«Мәселен, жас кәсіпкер әрі блогер Асхат Нұрлыбаев пен Айдос Шайхислам Instagram парақшаларында көмек ұйымдастыру бойынша белсенділік танытса, Жамбыл облысында волонтерлер 17 фура көмек жинап, Алматы консулдығына жіберуді жоспарлауда. Өз кезегіде Ұлттық волонтелер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамы айтарлықтай жұмыстар ұйымдастыруда. Волонтерлер көмек көрсету бойынша жұмыстың бірінші кезеңін аяқтап қалды», – делінген хабарламада.

Барлық жұмыс Қазақстандағы Түрік Республикасының елшілігімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.