Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болып Руслан Шарипов тағайындалды.
Шарипов Руслан Шамелұлы 1985 жылы 20 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша;
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратура бөлімін «құқықтану магистрі» академиялық дәрежесін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Коммерциялық ұйымдарда заңгер қызметінен бастаған.
2011 – 2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы – заңгер қызметін атқарған.
2015 — 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер бөлімінің консультанты, бөлім басшысы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 — 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы лауазымдарын атқарған.
2019 — 2020 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарған.
2020 — 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.