Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Help desk» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы, мемлекеттік қызметтерді алу үшін қандай қосымша қолдана алатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өңірде «Азаматтарға арналған үкімет» 16 кеңсесі, соның ішінде бір көші-қон және бір мамандандырылған бөлімі жұмыс істейді. 2022 жылы азаматтар 992 мыңнан астам қызмет алған. Мемлекеттік қызмет алуды жеңілдету үшін біз көптеген сервистер мен құралдарды енгіздік. Сонымен қатар, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді», — деді Жамбыл облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиал басшысы Данияр Медетбеков.
Осылайша, ХҚКО қызметкерлері сауда орталықтарына, мемлекеттік және білім беру мекемелеріне, базарларға барып, 300 мыңнан астам жамбылдық цифрлық қызметтерді пайдалануға үйренді. Өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы азаматтар 2022 жылы миллионнан астам қызмет алды.
Өткен 2022 жылы жамбылдықтар жалпы сомасы миллиард теңгеден асатын QR-код арқылы 170 мың қызмет бойынша түрлі мемлекеттік баж төлеген.