Ағаш көшеттері отырғызылып, қоқыстар тазаланды

0 9

Бүгін “Бірге Таза Қазақстан» акциясы аясында Тараз қаласында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық акциясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділерімен бірге Төле би көшесі Тәуке хан көпірінен бастап Президент саябағына дейін көк шырша, жасыл шырша, қырым қарағайы, шынар ағаш көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері, ерікті жастар да сенбіліктен шет қалмай, қала аумағын күл-қоқыстан тазартты.

Жалпы тазалық шарасы барысында Төле би көшесі, Тәуке хан көпірінен бастап Президент саябағына дейін және аталған саябақ аумағында 5 дана көк шырша, 7 дана жасыл шырша, 50 дана Қырым қарағайы, 120 дана ясень, 6 туя ағашы егілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.