Таразда «Наурыз — құт береке бастауы» атты балалар фестивалі өтті

0 7

Наурыз мерекесіне орай Таразда «Наурыз  — құт береке бастауы!» атты балалар фестивалі өтті.

Шараға білім бөлімінің мамандары, оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен ата-аналар қатысты.

Фестиваль 7 шығармашылық аймаққа, атап айтқанда, «Фото», «Бауырсақ Пати», «Шығармашылық», «Ұлы дала сұлулығы», «Мерекелік», «Спорттық», «Ойын-сауық» болып бөлінді. Балалар қалауынша әр аймаққа бөлініп, өнер көрсетіп, сондай-ақ сурет салып жарысты. Бұдан бөлек, спорттық бәсекелер ұйымдастырылды.

Жалпы, фестивальде 600 бала қатысты. Шара барысында оларға ыстық бауырсақтар таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.