«Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне 150 жамбылдық компания қатысуда

0 17

«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумының екінші күні «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын тамашалаудан басталды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов және өзге де құрметті қонақтар мен форумға қатысушылар тауар өндірушілердің өнімдерін жоғары бағалауда.

Айта кетейік, байқауға облыстың 150 тауар өндіруші компаниясы өз тауарларын ұсынды, оның ішінде 40 тауар «Бір ауыл бір өнім» жобасы аясында қатысып отыр.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен биыл 9-рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жыл сайын қатысушы жас кәсіпкерлер мен бастауыш кәсіпорындардың саны артып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.