Балаға қандай жағдайда массаж жасатуға болмайды?

0 373

Массаж — балаңыздың бұлшықеттерін қатайтады, қан айналымын қалыпқа келтіреді және түрлі аурудың алдын алады. Балаға массаждың қандай пайдасы бар және оны қай кезде алуға болмайды? Бұл сұрақтарға 5 жылдық тәжірибесі бар, массаж жасаушы Мелдебекова Айханым Ержанқызы жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Массаждың балаға пайдасы қандай?

— Физикалық, танымдық, әлеуметтік дамуына көмектеседі;

— Тыныштықта болуына ықпал етеді;

— Жылау, ұйқысыздықтан арылтады;

— Шала туған сәбилерге көп өзгерістер әкеледі;

— Жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек соғуын ретке келтіреді;

Қандай кезде балаға массаж алуға болмайды?

— Баланың температурасы көтерілген жағдайда;

— Баланың денесінде оғаш (атопический) дерматит, түрлі жаралар бар болса;

— Балада сарғаю (желтуха) болса;

— Баланың салмағы 3кг-нан төмен болса, балаға массаж жасауға болмайды.

Маман сәбилер жиі қиналатын проблемаларды массаж көмегімен емдеуге болатынын айтты.

«Егер балаңыздың жауырыны жабысқан болса, ұйқысы дұрыс емес, денесі бос немесе жиі іші кеуіп және т.б себептер бойынша жылап мазасызданса, массаж жақсы емшара болып есептеледі», — деді ол.

Сондай-ақ маман балаларды массажға дәрігер қойған диагнозбен әкелетінін айтты. Оған мына диагноздар жатады:

— Бұлшықет дистониясы;
— Бұлшықет тонусының ассиметриясы;
— Гипоксия
— Гипотонус (бұлшықет кернеуінің төмсендеуі);
— Гипертонус ( бұлшықет тонусының артуы);
— Мойынның қисаюы;
— Жамбас дисплазиясы;
— Кіндік және шап жарығы;
— Маймақтық, майтабандық;
— X-бейнелі аяқ;
— О-бейнелі аяқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.