Аймақта алғашқы тоқсанда 43 959 адамға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы төленген

0 11

Таразда Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда өңірдегі көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы айтылды,- деп жазады «ZhambylNews» АА.

Жалпы, көп балалы аналарға көрсетілетін негізгі қолдау шарасы бала санына қарай төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар болып табылады.
Қазіргі уақытта бұл мемлекеттік жәрдемақылар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен тағайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы арқылы төленеді.

Аталған органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың
1-сәуіріне 4 және одан көп балалы отбасыға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 43 959 адамға 2746,6 млн.теңге төленген.

Ал, біздің басқарма арқылы төленетін негізгі көмек түрі ол – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. Атаулы әлеуметтік көмек бала санымен байланысты емес, отбасының табыс мөлшеріне қарай әр тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленіп тұрады. Яғни, бұл көмек түрі жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасы мүшелеріне төленеді, дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Мұқанов.

Жалпы, 2023 жылы 58 340 адамға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 4,8 млрд.теңге қарастырылды. Ағымдағы жылдың 1-сәуіріне осы көмек түрі 1,1 млрд.теңгеге 5 967 отбасындағы 31 447 адамға тағайындалып, төленді. Солардың ішіндегі көмекпен қамтылған әйелдердің саны
16 838 адамды немесе барлық көмек алушылардың 53,5 пайызын құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.