341 БМСК және 36 ауруханалық нысанда 15 783 медициналық қызметкер (о.і: 3 419 дәрігер, 12 364 орта буын қызметкерлері) қызмет атқаруда. 2022 жылдың қортындысымен кадр тапшылығы – 120 бірлікті құраса, бүгінгі күнге жалпы дәрігерлер тапшылығы 80 бірлік. Аталған мәліметті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Тапшылықты шешу мақсатында облыстың грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды. Жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бітіргеннен кейін ағымдағы жылы 16 дәрігер өңірге жұмысқа кірісті.Қ осымша 63 дәрігер резидентурада оқиды. РБ арқылы 46 резидент, МҰ есебінен 5 маман резидентурада оқытылуда.
Соңғы 3 жылда 415 жас маман келді.
Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында, 800,0 мың теңге – ЖБ есебінен көтерме ақы бөлу, 1500 АЕК көлемінде — РБ есебінен бюджеттік кредит бөлу, 100 АЕК көлемінде – көтерме жәрдемақы беру және коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеуге көмек берілуде.