Қала экономикасының қарқынды дамуының негізгі көрсеткіші өндіріс болып табылады. Қазір Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 5 кәсіпорын жұмыс істеуде,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бүгінгі күнге Сарысу ауданының экономикалық-әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып жатқан «Еврохим», «Қазфосфат», «Жарас» мұнай өңдеу зауыты, «Асыл тұз» соляная компания» ЖШС, «Тараз көлік жолы» асфальт өндіру зауыты сынды бес бірдей кәсіпорын бар. Осы өндіріс орындарының ықпалымен биылғы жылдың 4 айында аудандағы өнеркәсіп өнімдерінің құны 23,7 млрд. теңгені құрапты. Бұл 2022 жылдың 4 ай қорытындысымен салыстырғанда 5,5 млрд теңгеге арттық. 2022 жылдың 4 айында өндірген өнім көлемі – 18,2 млрд. теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 млрд 282 млн теңгені құраса, 2022 жылдың осы көрсеткіші – 2 млрд 555 млн теңгені құрады, яғни 5 млрд 727 млн теңгеге артқан.