Сарысуда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары артқан

0 9

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының қатары жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде моноқалада 1 780 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп тұрса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 305 бірлікке артық, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аталған мәліметті Жаңатас қаласының әкімі мәлімдеді. Шағын қаланың басшысының айтуынша сол кәсіпкерлік нысандарында 2835 азамат еңбекке тартылған.
-330 кәсіпкер өз кәсіптерін дамытуға микроқаржылық ұйымнан 350 млн. теңге көлемінде несиелік қаражат алды.
Өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында бюджетке түсетін салық түсімдері де ұлғаюда.
Ағымдағы жылдың 4 айымен бюджет кірісі 151,4 млн теңгенң құрап, көрсеткіш 117%- ға артты,-деді Ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.