Нұржан Нұржігітов Қордай ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесті

0 18

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы аймақ басшысы Қордай ауданындағы Қақпатас және Бетқайнар ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосуларға құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Өткен жылы облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдердің 1200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жылдың алты айында 800-ден астам кездесу ұйымдастырылған. Оның 75-і облыс әкімінің қатысуымен өткен.

Қақпатаста өткен кездесуде ауылдықтар суармалы су, ауылдағы Қазпошта бөлімшесіне жаңа ғимарат салу және өзге де мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауаптар берді.

Ауылдық округте ағымдағы жылдың күзінде “Ауыл аманаты” жобасы бойынша жұмыстар басталады деп жоспарлануда.

Дәл осындай кездесу Бетқайнар ауылдық округін де өтті.

Облыс әкімі тұрғындарды әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті билікпен бірлесе отырып жұмыс атқаруға шақырды.

Кездесулерден кейін Нұржан Нұржігітов  азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы аудандағы жұмыс сапары барысында Бетқайнар ауылындағы «Сұлтан» шаруа қожалығының жүгері алқабымен танысты. Су тапшылығы салдарынан болған шаруа қожалықтың шығындарын өтеп беру бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.