Жуалыда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасы баспаналы болды

0 44

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Кәріқорған ауылының тұрғыны Дорош Василий «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспаналы болды

Мүгедектігі бар жанға шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары күш біріктіріп, 4 бөлмелі баспананы сыйға тартты. Көптің көмегімен күрделі жөндеуден өткен тұрғын үй жылу жүйесімен, ауыз сумен, қамтылған.

Айта кетейік, облыста бірнеше жылдан бері халқымыздың асар дәстүрі қайта жаңғырып, бұл игі іс ауқымды түрде жүзеге асуда.

Бүгінде өңірлік «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы тұрғын үй салу, баспанасын күрделі немесе ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары өңірде қарқынды жүруде.

Бұл тұрғыда 2020-2022 жылдар аралығында 338 отбасы баспаналы болса, биыл 105 мұқтаж отбасын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.