2023 жылдын 23-ші тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторлары Б.Атамкулов және М.Сейтхази Тараз каласы “Қазақстан темір жолы” акционерлік қоғамының “Жүк тасымалдау — 8” мекемесінің қызметкеткерлерімен кездесіп, «Мемлекет тарапынан діни
экстремизм мен терроризмге карсы тұру бағытында
атқарылып жатқан іс-шаралар туралы», «Дәстурлі діни таным», «Дәстурлі емес діндердің ықпалынан сақтану», тақырыбында дәріс оқылды.
Кездесу барысында діндердің пайда болу тарихы, дәстурлі және дәстурлі емес діндерді ажырату жолдары, дін саласына қатысты заңдар барысы сөз етілді. Қоғамдағы конфессияаралық және дінаралық қатынасты сақтау, радикалдық діни идеологияны алдын-алу, діни сауаттылықты қалыптастыру және интернет желісіндегі кумәнді діни парақшаларға тіркелмеу мен қоса дін ұстанушылар арасынан радикалды көз-қарасты тұлғаларды анықтау мәселелері талқыланды.