Республика күні мерекесі қарсаңында, ынтымақ пен бірлікті ту еткен сарыкемерлік ағайын «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы көпке үлгі көрсетті. Баспана қуанышына ие болған тұрмысы төмен отбасының бірі – Сарыкемер ауылының тұрғыны Жолдасбек Асқар. Мұндағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көптің көмегімен асарлатып тұрғын үй салып беру. Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагері Қыдыралы Оралов, «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл жүрекжарды лебіздерін арнады.
Жаңа баспананың лентасы салтанатты түрде қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Жалпы көлемі 66 шаршы метр болатын төрт бөлмелі жаңа үйді аралаған ауылдастар құтты болсын айтысып жатты.