Қостөбеде тұрмысы төмен отбасы жаңа баспанаға ие болды

0 33

Республика күні мерекесі қарсаңында, Қостөбе елді мекенінде тұрмысы төмен отбасы жаңа баспанаға ие болды. «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы баспана қуанышына ие болған тұрмысы төмен отбасының бірі – Қостөбе ауылының тұрғыны Жәнібек Рахманбердиев.

Қостөбедегі шарада аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов, еңбек ардагерлері Мария Александровна мен Қадыр Зулуфов жүрекжарды лебіздерін арнады. Жаңа баспананың лентасы салтанатты түрде қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша барлық ауылдық округте жағдайы төмен отбасыларға баспана салып беру қолға алынып, нәтижесінде жыл басынан бері Көктал, Үлгілі, Диқан және Кеңес, Байзақ ауылдарында қамқорлықты қажет ететін отбасыларға жаңа баспана тарту етілгенін айта кетейік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.