Қордай ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссияның II отырысы өтті.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қарабаевтың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, әйелдер кеңесінің төрайымдары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібіне үш мәселе шығарылып, оның біріншісі бойынша, яғни Қордай, Кенен ауылдық округтеріндегі әйелдер кеңесі төрайымдарының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы хабарламашылардың баяндамалары тыңдалды.
Комиссия отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып, жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берілді. Атап айтатын болсақ, ауылдық округ әкімдеріне, әйелдер кеңесінің төрайымдарына әйел азаматшаларына қатысты туындаған мәселелер бойынша комиссияға уақтылы хабарлау, әйелдер кеңесінің жұмысын жандандыру, кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын әзірлеу сынды тапсырмалар жүктелсе,
Қордай аудандық білім бөлімінің бастығы С.Әшірбековке білім беру ұйымдарында балаларға қатысты ерте жүктіліктің, қатыгездік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту, аудандық орталық ауруханамен бірлесе отырып, білім беру мекемелерінде балаларға қатысты ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кездесулер, жиындар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырып өткізуді тапсырылды. Аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ғ.Алимжановқа мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды спорт секцияларымен және үйірмелермен барынша қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруды жүктелді.