Республика күніне орай Мойынқұм ауданының ашық турнирі өткізілді

0 27

25 қазан- Республика күніне орай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан Мойынқұм ауданының ашық турнирі өткізілді.


Жарысты ашу үшін Мойынқұм ауданының әкімі Ә.Балқыбеков сөз сөйлеп, егемендіктің бастауы—Республика күнімен құттықтап, ауданымызды танытқан жеңімпаз спортшылар қатары көбейе беруіне тілегін білдірді.
Аталған турнирге жалпы 8 команда қатысты. Атап айқанда Тараз қаласынан 1 команда
Меркі ауданынан 2 команда, Шу ауданынан 2 команда, Мойынқұм ауылынан, Қылышбай ауылы
Құмөзек ауылының командалары қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Нәтижесінде Тараз қаласы бірінші орын,  Мойынқұм ауылы екінші орын, Меркі ауданы үшінші орынды  иеленді.

Кіл мықтылар сынға түскен жарыста қарсылас шақ келтірмеген жеңімпаз командаларды аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы құттықтап, “Нығмет нұры” ҚБ-ның арнайы медалі, грамотасы мен сертификатын және қаржылай сыйлықтарымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.