Талас ауданында 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

0 30

Талас ауданында 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнім мен қызметтердің көлемі 55 млрд. 364 млн. 700 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда салыстырғанда 108,9%-ға немесе 4 млрд. 520 млн. 600 мың теңгеге артық орындалды.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Талас ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 28 млрд. 175 млн. 600 мың теңгеге өндіріліп, 2022 жылмен салыстырғанда 116,6%-ға немесе 4 млрд. 012 млн. 900 мың теңгеге артық орындалған. Нәтижесінде нақты көлем индексі 100,4%. болып қалыптасты.
Ауданда бүгінгі таңда 49,8 млрд тенгенің 7 ірі жобасы жоспарланған. Онда 617 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Оның бірі «Talas Investment Company» ЖШС-і. Кәсіпорын қазіргі таңда 15,0 мың тонна натрий цианид өндіретін болса, алдағы уақытта өнім көлемін 30,0 мың тоннаға арттыруды көздеп отыр. Жалпы инвестиция 25,4 млрд. тенгені құрайды. 2025 жылға дейін жоспарланған бұл жоба жүзеге асырылса тағы 30 адамға жұмыс орны ашылмақшы.
Талас ауданының экономикасының алға жылжуына өз үлесін қосып отырған кәсіпорынның бірі мәрмар ұнтағын өндіретін «Каратау ПРО» ЖШС-і. Жалпы инвестиция 1 млрд 085,0 млн.теңгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 25 адам.

Ал «Karatau Chemicals» ЖШС-і жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруге ниетті. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 2,8 млрд. теңгені құрайды.
Ал, жасыл экономика саласы бойынша ауданда жел электр энергиясын өндіру үшін 5,4 млрд. тенгенің 3 жобасы жоспарланған.

Айта кетейік, жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Сондай ақ, бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.