Қарт Қаратауға қарасты 14 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізген

0 23

Талас ауданында 23 елді-мекен болса, оның 14-і газдандырылған. Бұл аудан тұрғындарының 57,9%-ын құрайды.
Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендерінде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша 10,7 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленген. Жобалық құны 622,8 млн.теңге. Бүгінгі күнге мердігерлер анықталып, жұмыстар жүргізілуде.
Майтөбе және Қожағаппар елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстарына аудандық бюджеттен 9,1 млн. теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Құны 2 млрд. 74 млн.теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған.
Көктал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой ауылдарына газ тарту үшін 34,194 млн.теңге бөлініп ЖСҚ-ы әзірленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.