Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Alina Holding» ЖШС компаниясының бас директоры Ермек Кобикбаев пен компанияның Тараздағы филиалының директоры Алексей Подольскиймен кездесті.
«Alina Group» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру зауыты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған. Жобаның жалпы құны 17,6 млн. АҚШ долларын құрайды. Өндіріс орны 357 адамды жұмыспен қамтуда.
Компания өндірістік алаңын кеңейтуге және жаңғыртуға, құрғақ және құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салу жобасын іске асыруға ниетті.
Кездесу барысында тараптар облыс аумағында компания қызметін кеңейту жоспарларын, оның ішінде өнім желісін ұлғайту, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы жергілікті билік инвесторларды қолдауға дайын екендігін атап өтіп, ұсынылған жобаның маңыздылығы мен тиімділігін жан-жақты зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.