Бүгінгі күні облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны 511-ге жетті. Оның 27-сі басқармаға қарайды, қалған 484-і аудан әкімдіктеріне бағынышты.Бұл туралы облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай журналистермен өткен баспасөз конференциясында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Оның ішінде 197 мәдениет үйлері мен клуб мекемелері, 274 кітапхана, 2 облыстық драма театрлары, 2 кинотеатр, 19 музей, 12 архив, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық кино орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы бар.
Басқармаға қарайтын 27 мекеменің 10-ы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар, 17-сі коммуналдық мемлекеттік мекемелер.
Сондай- ақ, жалпы мәдениет саласына ағымдағы жылы 14,7 млрд. теңге қаралды.
Жалпы салада 3 573 қызметкер жұмыс атқарады. Шығармашылық саласында 1 927 қызметкер болса, о.і. кәсіби сала мамандары — 1 634.
Биылғы жылы 1,4 млрд. теңгеге 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 6 нысан пайдалануға берілді, Атап айтқанда, Байзақ ауданы Тегістік, Қордай ауданы Қарасу ауылы, Меркі ауданы Мыңқазан және Ойтал ауылы, Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында әр қайсысы 90 орындық мәдениет үйлері және Қордай ауылында Қордай аудандық архиві.
Айта кетейік, жыл соңына дейін 4 мәдениет нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Олар Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы мәдениет үйіне жапсарлас ғимарат, Қордай ауданы Бетқайнар және Қақпатас ауылдарында әр қайсысы 180 орындық мәдениет үйлері.