Облыс бойынша 9 жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық бар. Олар 1 739 әлеуметтік нысандар мен 1 646 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жылыту маусымына дайындық іс-шараларына әртүрлі қаржыландыру көздерінен 8,804 млрд. теңге қаралып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Отын-энергетика кешендерімен жылыту маусымында 1,250 млн. м3 газ көлемін тұтыну жоспарланған, резервтік мазут қоры — 15,0 мың тонна.
Жылыту маусымына дайындық іс-шараларына әртүрлі қаржыландыру көздерінен 8,804 млрд. теңге қаралып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді (тарифтік смета — 7 592,3 млн. теңге, инвестициялық бағдарлама — 387,4 млн. теңге, РБ, ОБ, ЖБ бюджет есебінен — 825,3 млн. теңге).
Айта кетейік, отын-энергетика кешендерімен жылыту маусымында 1,250 млн. м3 газ көлемін тұтыну жоспарланған, резервтік мазут қоры — 15,0 мың тонна.