Жамбыл облысында мал саны өсіп, ет өндірісі артты

0 38

Жамбыл облысы бойынша статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ірі қара мал басы өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға, қой мен ешкі 4,6, жылқы саны 7,3 және құс 1,9 пайызға артқан.

Салалық басқарманың ақпаратына сәйкес, ауылшаруашылық жануарлары негізінен жеке кәсіпкерлерде немесе шаруа қожалықтарында шоғырланған. Атап айтқанда, оларда өңірдегі түйенің жалпы санының 63,8 пайызы, жылқының 48,5, қой мен ешкінің 59,4 пайызы өсірілуде.

Ірі қара мал басының 51 пайызы шаруа қожалықтарында шоғырланған. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған құс басы оның жалпы санының 54,9 пайызын құрайды.

2022 жылмен салыстырғанда өткен жылы барлық түр бойынша тірідей салмақтағы ет өндірісі 2,8, сойылған күйіндегі салмақтағы ет өндірісі 3,4 пайызға артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.