Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

0 27

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласынан және Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл аудандарынан жазылған азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Атап айтсақ, олар ненізінен көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.