Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға Тараз қаласынан және Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Атап айтсақ, Байзақтық Бағлан Укеева есімді азаматша кәсіпкерлік мақсатта жер телімін бөлу мәселесін көтерді. Ал тараздық Ғалия Дюсетаева орталықтағы тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңшаларын жаңартып беруін сұрады.
Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.