Тараздық NIS оқушылары ақылды құрылғы ойлап тапты

0 22

Тараздық NIS оқушыларының сәтті шыққан жобасы, бірнеше конкурстарға қатысып миллиондар ұтқан жоба болып танылды. Жуырда «Shokan Ecoloqy»  жас ғалымдардың республикалық ғылыми форумында NIS   оқушылары  «Smart Trash Bin» жобасын ұсынып,   ғылыми зерттеулердің үздік нәтижесін көрсетті.

Smart Trash Bin — Жасанды Интеллект негізінде қалдықтарды сұрыптау мен бақылаудың автономды жүйесін қолдану арқылы қаладағы қоқыстың дұрыс өңделуіне және сервистік сала мамандарының жұмысының тиімділігін арттыруына әсер ету. Қоқыс салынған кезде жасанды интеллект оны анықтап, керекті бөлімшеге лақтырады, толған контейнерлер туралы ультра дыбыстық датчик ақпарат беріп, ұтымды маршрут құрып беретін жүйе болып табылады.

Байқау нәтижесінде Қалдыбай Барысхан, Қошмамбет Аймер, Тәжіхан Қанат, Жұмақадыр Сұлтан және Тәжіхан Мади әзірлеген үздік жоба І-орынды иеленіп, 1 000 000 (млн теңге) жеңіп алды.

Сондай-ақ форумда бақ сынаған Файзрахман Айбек ІІ-орын, Серікбай Аяулым, Көбейсін Нұрай ІІІ-орынды иеленді, және белсенділік танытқан оқушымыз Албай Сәуле 50 000 (тг) көлемінде қаржылай сыйлықен марапатталд.

Жобаға жетекшілік етіп, үздік шәкірт тәрбиелеуші Рыбалкин М.А және Каскарбаев Е.О арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды!

Зияткерлердің жеңісті жобалары жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.