Ассамблея мен қайырымдылық- егіз ұғым

0 29

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Ғұлам Умаров БАҚ өкілдерімен баспасөз жиынын өткізді.


Брифинг барысында Ғұлам Мұхтарұлы ҚХА-ның қайырымдылық қызметі, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» акциясы туралы мәлімдеді.
Қазіргі таңда Ассамблея қайырымдылықпен белсене айналысатын ұйымға айналды. Елімізде орын алған түрлі табиғи апаттар мен тосын жайларда ұйым мүшелері көмек қолын созудан іркіліп қалған емес. Осы орайда, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік өкілдері, аудан және қала тұрғындары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық білім және жастар саясаты мәселелері басқармалары мен кәсіпкерлер жұдырықтай жұмылып, төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға арнап гуманитарлық көмек көрсетті.
Айта кетейік, апат болған аймаққа Жамбыл облысынан барлығы 56 688 450 теңге көлемінде көмек берілді. Халық даналығында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ҚХА тарапынан тасқын қаупі сейілгенше қайырымдылық шаралары жалғасын табатындығы айтылды.
Брифинг соңында Ғ.Умаров БАҚ өкілдерінің тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.