25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады

0 13

25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады.

Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз:

— Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;

— Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу;

— Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.

Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайта жанданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.