Жамбыл облысының өңірлік кадр резервінің мүшесі Ақерке Нұржанқызы Әсет Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімшесінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.
Ақерке Нұржанқызы 1997 жылы Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы технологиялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Т.Рысқұлов ауданы мемлекеттік кірістер басқармасында жастар тәжірибесі бойынша білімін ұштастырушы болып бастаған.
Әр жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің хатшысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің статист маманы болып еңбек етті.
2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметінің бас маманы болды.