Жамбыл облысында желатин және кремний өндіретін кәсіпорындар бой көтереді

0 2

Шу өңіріндегі арнайы экономикалық аймағында алып өндіріс орындары салынып жатқандығы белгілі. Еліміздегі ең ірі «Жібек жолы-Химиялық паркінің» жобасы кезең –кезеңмен жүзеге асырылып, мұнда барлығы 18 кәсіпорын бой көтеруі тиіс. Қазір мұнда желатин және кремний өндіретін кәсіпорындардың іргетасы қаланған. Қазірдің өзінде экономикалық айлақта 3 зауыт істеп тұрса, 5-еуінің құрылысы жүріп жатыр.
Шу өңіріндегі «Тараз химиялық паркі» кешендік жобасы 2012 жылы бекітіліп, қолға алынған болатын. Арнайы бөлінген жер учаскесіне ең бірінші инфроқұрылымдар жүргізіліп, жол салынды. Жарық, жылумен қамтамасыз етіліп, әкімшілік ғимараттар бой көтерді. Болашақта бұл жер химия өндірісі өркендеген экомикалық аймаққа айналмақшы.
-Өнім екі түрде шығарылады. Біріншісі сұйық түрде, екіншісі құрғақ қоспа түрінде. Сұйықтықтың құрамында 54 пайыз гербицид бар. Ал құрғақ қоспада 75,7 пайыз глифосфат бар,-дейді «Хим плюс» ЖШС-нің директоры Олжас Оралғазы.
Қазір мұнда алғашқы зауыттар да жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда 2019 жылы егістік алқаптағы арамшөптерді жоятын химиялық қосынды гербицид өндіретін өндіріс орны ашылған. Қазір олар өз өнімдерін өңірге ғана емес, еліміздің солтүстік аймағына да өткеруде.
-Қазір желатин өндіретін зауыт құрылысын қолға алдық. Бұл Қазақстанда жоқ, әрі жаңа технологиямен іргесі қаланып жатқан кәсіпорын. Кәсіпорында 150-ден астам адам жұмыс істейтін болады. Кремний шығаратын өндіріс орнының да бастамасы басталды,- деді «ТАРАЗ ХИМИЯЛЫҚ ПАРКІ» АҚ-ның басқарма басшысы Қайрат Мұқаметқалиев.
Сонымен қатар дәл осы жерде, сұйық заттарды құятын пластикалық құты мен жапсырма қағаздар шығаратын зауыт та пайдалануға берілген. Өндіріс орындарында 70-тен астам адам еңбек етіп жатса, олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Ал, жоба құны 226 милион теңгелік бифторида аммония қышқылын шығаратын зауыт былтыр іске қосылыпты. Сонымен қатар биыл 5 кәсіпорынның құрылысы басталып кетсе, келешекте тағы да 11 жоба жүзеге асырылып, алып зауыттар бой көтермекші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.