Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін бар

0 5

Жамбыл облысының әлеуметтік экономикалық дамуында оң серпін бар. Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша аймақтағы индикатор 114,5% деңгейінде қалыптасқан.

Өңірдің өркендеуіне ықпал еткен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй, сауда, көлік және байланыс салаларындағы ілгерілеушілік ықпал еткен. Негізгі капиталға салынған инвестиция да көбейген. Түрлі кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі артып, 289,1 млрд теңге пайда келтіріпті. Бұл тау кен өндіру саласында өндіріс көлемінің 46,5%-ға, электрмен жабдықтауда – 12,0%-ға, сумен жабдықтауда – 11,3%-ға арту есебінен орын алды.
Жалпы өнеркәсіп саласында үлесі 64,5%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 186,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылмен салыстырғанда 20,9%-ға артқан. Оның ішінде химия саласы 1,3 есе артса, тамақ өнеркәсібі 1,7 есеге ұлғайған. Мұнай мен машина жасауда да оң динамика бар.
Құрылыс саласында 38,1 млрд.теңгеге жұмыстар жүргізіліп, өсім 19,4% құрады.
Есепті кезеңде 147,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 17,7% деңгейінде қалыптасты.
Бюджет қаражаты есебінен 2515 пәтерлі 52 үй құрылысы жүргізілуде.Көлік қызметтері 140,2 млрд.теңгені, 2024 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өсім 6,5%-ды құрады.
төмен деңгейде қалыптасып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.