Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық соттың төрағасы Марат Үркімбаев, аудандық Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ербол Сәбденбеков, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Болат Айтжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарай Қырғызбаев Саудакент ауылының тұрғыны, Тыл ардагері Ермекбай Ақылбеков пен Өндіріс ауылының тұрғыны, ауднымыздағы ең қарт ана 103 жаста Өмірбаева Бибайша ананың үйіне барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Мерейлі мереке қарсаңында аудан басшысы Ұлы Жеңісті жақындатуға сіңірген еңбегі үшін еңбек және Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, «ҰОС — на 80 жыл» мерекелік төсбелгіні тақты. Сондай — ақ, арнайы сый — сыяпат жасап, ауданның абыз қариясы мен әз — анаға ізгі тілегін жолдады.
Өз кезегінде Ермекбай ақсақал мен Бибайша әжей бейбіт күнде бақытты өмір жатқанына шүкіршілік етіп, мерекеде құттықтап келген аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.