Ағымдағы жылы Жамбылда 68 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде

0 5

2025 жылы өңірдегі жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік салаға 54,4 млрд. теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтылатын тұрғындардың саны да өседі деп күтілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2024 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67 308 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша 70 056 жұмыс орны құрылып, жоспар 104,1% орындалды. Биыл 68 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Аймақта Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті де асыра орындалған. 2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 62 651 тұрғын қамтылды, жоспар 112,7 пайызға орындалды.

Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша 52 776 адам (112,4%) жұмысқа орналастырылды.
Биыл 1 315 адам газ-электр дәнекерлеуші, кран машинисі, автомеханик, құс өсіруші, тракторшы, ветеринар, косметолог, автослесарь, графикалық дизайнер, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, экскаватор машинисі сияқты танымал мамандықтарды игере алады.
Бұдан бөлек, 2 524 жұмыс берушінің қатысуымен 128 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 1 314 азамат орналастырылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, яғни 1 008 адамға 1,5 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар берілсе, биыл олардың саны да ұлғаймақшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.