Абай әлеміне жетелеген кеш

0 2

#МирИСогласие
#ЗаМир
#МыВместе
#PeaceAndHarmony
#PeaceForAll
#TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years

Биыл елімізде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде.
Ұлы ақынның мұрасы халық жүрегінен орын алған рухани қазына.
Осынау рухани мұраны насихаттау мақсатында күні кеше облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Абай – біздің жүрегімізде» атты әдеби ән-сазды кеш ұйымдастырылды.
Шара қатысушыларды ақын әлеміне жетелеп, жүректерін тебіреніске толтырды. Шырайлы кеште ақынның жан-жақты болмысы сипатталды. Қонақтар ақын жазған өлеңді паш етіп, әндеріне терең бойлап, күйлеріне құлақ асты. Бұл күні орталықта ұлы ойшылдың ұнататын тоғызқұмалақ ойыны келушілерді ерек сезімге бөледі.
Абай шығармалары жинақталған кітап жәрмеңкесі де көпшілікті әдебиетпен қауыштырды.
Тағылымы мол шараға қатысушылар қатарында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен өңірлік ҚХА құрылымдарының өкілдері және «Мәміле» пікірталас клубының мүшелері де бар.
Онда «Ашық микрофон» форматы аясында келушілер сахна төріне көтеріліп, ақын шығармаларынан шашу шашты. Айта кетсек, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің белсенді өкілдері «Полонез» поляк мәдениет және тілдер орталығы қоғамдық бірлестігі» аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетнева, неміс қоғамдастығы Аналар кеңесінің төрағасы Татьяна Осипова мен «Радонеж» орыс қоғамдастығының өкілі Полина Воротникова сахнаға шығып, Абай шығармаларын әр түрлі тілде орындады.
Рухани кеште «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» секілді Абай әндерін көпшілік бірге шырқады.
Кеш соңында орталық директоры, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали жүректен шыққан жылы сөзімен кешке қорытынды жасап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздарын құттықтап, кешке белсене қатысқандарды марапаттады.
Расында, бұл кеш – Абай рухымен сырласқан, жүректі тербеткен, сананы оятқан кеш болды. Абай – ұлы ақын ғана емес, халықтың жүрегіндегі шамшырақ. Ал кеш – сол шамшырақтың шұғыласынан сәуле алған нағыз рухани сәттердің тоғысы болғаны анық.
Leave A Reply

Your email address will not be published.