«Достық керуені» жобасымен өңірлік ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңесі Шу ауданында

0 2

Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өңірлік ассамблеяның Ақсақалдар және Аналар кеңестері «Достық керуені» жобасы аясында аудандағы кеңестердің мүшелерімен кездесу өткізді.

Отырыстың күн тәртібіндегі жұмысын «Қоғамдық келісім» КММ «Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс» бөлімінің жетекшісі Аққу Қаратаева жүргізді.
Жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы Аналар кеңесінің төрайымы Пайза Куненова «Салауатты сана» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бес кеселдің алдын алу туралы пікірін ортаға салды. Жиында бұдан өзге Ақсақалдар кеңесі аудандағы этностардың хал -ахуалына да тоқталды. Соның бірі бүгінде Шу ауданындағы этностардың қазақ тілін білудегі олқылықтардың орны толмай тұрғаны, этносаралық түрлі мәселелердің түбі мемлекеттік тілді білуден бастау алатындығы туралы аудандық Асақалдар кеңесінің төрағасы Ержан Өмірәлиев баса айтты. Сонымен қатар басқосуда Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева мемлекеттік тілді меңгеруде балабақшалар мен ата- аналардың арқа жүгі ауыр екенін атап айтып, тіл жанашыры ретінде қазақ тілінің насихатталуы жолында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Ал, Этномедиация орталығының үйлестірушісі Валентина Досыбиева этносаралық тұрақтылықты сақтаудағы орталықтың рөліне тоқталды.
Сонымен қатар, Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Абдурахман Зайнутдинов пен облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Рано Хайдорходжаева да өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ақсақалдар мен аналардың алқалы жиынының соңы Шу аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Айжан Иманованың қонақтарға айтқан алғыс сөзімен түйінделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.