«Ассамблея жастары» ҚБ Шу ауданы жастарымен тренинг өткізді

0 2

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ Шу ауданы жастарына тренинг өткізді.


«Ассамблея жастары» РҚБ төраға орынбасары, аймақтық жастардың жетекшісі Хамида Турдыева түрлі этностар өкілдерінің оқушылары мен студенттеріне «ҚХА-ның 50 жас көшбасшылары» ҚХА қоғамдық жобасын іске асыру аясында көшбасшылық қасиеттерін айқындау, қолдау және дамыту, этносаралық келісімді, азаматтық белсенділікті және патриотизмді нығайтуға үлес қосуға дайын ҚХА жастар элитасын қалыптастыру мақсатында тренинг өткізді.
Бұдан өзге жиында жастардың бастамаларын дамытып, әлеуметтік тұрғыда қолдауға даяр «Ассамблея жастары» ҚБ ұйымының басты бағыттары, атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жастарды ұйым құрамына шақырды.
Жиын соңында өңірлік ассамблея белсенділері аудан жастарымен пікір алмасып, сауалдарына жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.