Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті

0 2
Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» акциясы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Әдебиеттің алтын тұяғы» атты жазушыға 100 сұрақ кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ерекше кеш барысында Көсемәлі Сәттібайұлының балалық шағы, отбасылық өмірі, еңбек жолы және шығармашылық ізденістері оқырмандарға таныстырылды. Жазушының «Шарбақтының жалғызы» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі сонымен қатар аудио нұсқадағы кітабының тұсаукесері өтті.

Сондай-ақ, еркін форматтағы кеш барысында Көсемәлі Сәттібайұлының «Тоқ Қуат» шығармасы аясында жасанды интелектті қолдана отырып жасалған мульт хикаяны көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.